Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мекеме басшысы пара алу күдігіне ілікті

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік мекеме басшысының үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысының пара алу фактісін әшкереледі. Ол 350 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Агенттіктен хабарланғандай, ол бұл соманы әскерге шақырылушыларды ыстық тамақпен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты аясында кәсіпкерге қамқорлық көрсету үшін алған.

«Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің ісі сотта қаралып, шешім шығарылады», - делінген мәліметте.

Соңғы жаңалықтар