+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына 10 көлік сыйға тартылды

2020 жылғы 5 тамыз 10:06
Бөлісіңіз:
Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына 10 көлік сыйға тартылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы 10 санитарлық автокөлікпен толықты. Бұл тартуды сый ретінде еліміздегі белгілі қаржы компаниясы жасаған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанда 58 адамнан коронавирус анықталды Павлодар облысында бірнеше мектеп оқушысы коронавирус жұқтырып алды Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

Емханалардың мобильді топтарына арналған медициналық көліктер отандық өндіруші «СарыаркаАвтоПром» компаниясы Chevrolet Damas моделі негізінде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сәйкес шығарылған.

Сыйға тартылған көліктердің бір ерекшелігі мұндай қиын кезде аса қажет ететін ИВЛ апараттары орналастырылған. Мұндай игі іс жасаған демеушілерге Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы алғысын білдірді.


«Бұл көліктер өз кезегінде індет жұқтырған адамдарға, жалпы науқастарға жедел жәрдемнің жұмыс сапасын жақсартып, науқасқа келу уақытын азайтады. Енді көліктер облыстағы жедел жәрдем станцияларына берілетін болады. Осындай игі іс жасап жатқан Kaspi.kz компаниясы мен «СарыаркаАвтоПром» компаниясына алғысым шексіз», — деді Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Компания «СарыаркаАвтоПром» автоөндірушісімен бірге шетелде емес, Қазақстанда қажет нәрсенің бәрімен тез жабдықталатын үлгіні таңдаған. Мұндай көліктердің жалпы құны 1 миллиард теңгені құрап отыр.

«Компанияның критерийлерін, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, жедел жұмыс жағдайында өте қажет көлік құралы таңдалды. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз қысқа мерзімде науқастарды тасымалдау үшін көлікті барлық медициналық және санитарлық құрылғыларымен жабдықтадық», — дейді «СарыарқаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаев.

Айта кетейік, аймақта жедел жәрдем шақыртулар саны тәулігіне — 1239 құрап отыр. Бұл салыстырмалы түрде 11,4 пайызға төмендеген. Оның ішінде КВИ індетімен 2 есе, пневмониямен шақыртулар 2,4 есеге төмендеген. Ал, қазіргі таңда облыста 139 топ жедел жәрдем қызметін көрсетуде.

Айта кетейік, жуық арада өңірге тағы дәл осындай 18 көлік әкелінбек.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT