Жамбыл облыстық қазақ драма театрына Асқар Тоқпановтың есімі беріле ме

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық қазақ драма театрына қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, халық артисі Асқар Тоқпановтың есімін беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс театрына тұлғаның есімін беру - өнерсүйер қауымның көптен бергі арман-тілегі болатын. Театр ұжымы да сол күнді асыға күтуде екен. Бұл туралы аталмыш өнер ордасының басшысы Болат Бекжанов айтып берді.

«Облыс әкімі Асқар Исабекұлы осы мәселені Үкімет, Мәдениет министрлігі деңгейінде көтеріп, енді нақты шешімі күтілуде. Асқар Тоқпановтың есімі біздің театрға берілсе, ол өте дұрыс шешім болады. Бұл ұсынысты осыдан 10 жыл бұрын Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов секілді театр саңлақтары көтеріп, ұсыныс хат жазып кеткен. Соның реті шешілмей келіп еді. Енді облыс басшысының араласуымен мәселе оң шешімін табатын түрі бар. Театрымыздың алдына Асқар Тоқпановтың бюсті қойылмақшы. Осы жаңалықтарға театр ұжымы өте қуанышты», - дейді театр директоры.

Айта кетейік, жуырда ғана «Қара шаңырақ» атанып кеткен облыстық қазақ драма театры 84-ші жаңа маусымына қадам басты. Бұл еліміздегі тарихы тереңнен тамыр тартатын санаулы театрлардың бірі.

Соңғы жаңалықтар