Жамбыл облыстық қазақ драма театры Қырғызстанда үздіктер қатарынан көрінді

None
Фото: Жамбыл облыстық драма театры
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Талас қаласында «Адамзаттың Айтматовы» атанған қырғыз халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай Тау театрларының ІІ фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальге Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» лирикалық драмасымен қатысты.


Төрт күнге созылған фестиваль қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармасын ең үздік сахналағаны үшін» номинациясымен және қаржылай сертификатпен марапатталды.

«Мұнымен қоса, «Жәмила» лирикалық драмасында Сейіт рөлін сомдаған театрымыздың жас актері Ануар Уәлиханұлы үздік ойын көрсеткен жоғары актерлік шеберлігі үшін «Манас» медалімен марапатталды. Фестиваль жүлделері мен марапаттарын Қырғыз Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Қайрат Иманалиев табыстады. Фестиваль аясында сондай-ақ, Талас облыстық Қапар Медетбеков атындағы музыкалық драма театры мен біздің облыстық театр басшылары арасында қазақ-қырғыз елі арасындағы рухани, мәдени ынтымақтастықты, шығармашылық байланысты нығайту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды», – дейді А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы Жанат Төлендиев.

Бұған дейін жаңадан балалар театр труппалары мен студиялары ашылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар