Жамбыл облыстық қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен облыстық қаржы басқармасына 57 жастағы Исаева Роза Әбдірқызы басшы етіп тағайындалды.

Р. Исаева Алматы халық шаруашылығы институтын «қаржы және несие» мамандығымен, Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1988 -1990 жылдары Кентау қалалық қаржы бөлімінің бас салық ревизор-инспекторы болып қызмет атқарған. 1990-1998 жылдары аға мемлекеттік салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Кентау қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы Дзержинский ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы бөлімі бастығының орынбасары болған.

1998 - 2000 жылдары Шымкент қаласының салық комитетінде, 2000-2011 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарған.

2011 - 2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының активтерді басқару департаментінің директоры, қаржы және активтер департаментінің директоры, партияның орталық аппарат басшысының орынбасары болған.

2016 - 2018 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ ішкі аудит қызметін басқарған.

 

Соңғы жаңалықтар