13:46, 02 Наурыз 2021 | GMT +6
Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жаманкөзов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бейқұт Тілебалдыұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру мәдениеті және еңбек», Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «Құқықтану», Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.