Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес, Жамбыл облыстық филармониясына ақын-сазгер Кене Әзірбаевтың есімі берілді.

Кенен Әзірбаев (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі.

Ол Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.

Оның қаламынан туған «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез»,« Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз». «Жамбыл - жыр» атты толғау, дастандары бар.

Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

 

 

Соңғы жаңалықтар