Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды
2020 жылғы 11 шілде 12:53

Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Құдайберген Қорғанбаев Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құдайберген Нұрсерікұлы Қорғанбаев 1984 жылы Тараз қаласында дүниеге келген, білімі жоғары.

2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер» мамандығы бойына тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бөлімінде бас маман болып бастаған.

2012 -2013 жылдары табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бас маманы болып жұмыс істеген. Ал 2013-2018 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2018 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT