Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жарылқасын Айтақов еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, «Әулие-Ата» университетін, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы РФ-да механик болып бастаған. Әр жылдары Бурненский СПТУ-15 оқытушысы, директордың орынбасары, ЛКСМ Жуалы аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды, Жуалы ауданы әкімінің аппаратын басқарды. Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы, Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеді. Рысқұлов және Шу аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

2021 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар