
05:35
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімігінің ресми сайтында хабарланды.
«Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Марат Жұманқұлов аталған лауазымға 2017 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған болатын.