Жамбыл мен Алматы облыстарында 200 құтқарушы түні бойы су тасқынының алдын алды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен түні Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктен 200 адам мен 45 техника бес елді мекенде тасқынның алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қардың күрт еруі салдарынан егістіктен ағып келген қызыл суды бұру үшін жедел жұмыс жүргізілді.

Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды сору жұмысы жалғасты.

Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы - 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мың текше метрден асты.

Түркістан облысында бүкіл тасқын су сорылып болды.

Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысының бірнеше ауданында ауылдарды су басқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар