Жамбыл мектептерінде ерекше акция өтуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы мектептерді «Мен сыйға тартқан домбыра» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы бағыты аясында өңір мектептерінде «Мен сыйға тартқан домбыра» акциясы өтіп жатыр.

Акцияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа домбыра аспабын насихаттау, күй құдіретін сезіндіру. Шара барысында сынып сағаттары, күй тартыстар ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан мектеп оқушылары мен білім ошақтарына домбыралар сыйлау көзделген.

«Қасиетті домбыра ұлттық дәстүрімізбен бірге жаңғырып келе жатқан дүние. Осыны ескерген демеушілер акция аясында жас өнерпаздарға домбыралар тарту етуде. Бұның бәрі мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова.

Басқарма басшысының айтуынша, акция басталғалы өңірдегі кәсіпкерлер, мектеп түлектері мен ата-аналар білім беру мекемелеріне қазақтың қара домбырасын сыйға тартып, игі шараның шырайын арттыруда екен. Акция қараша айына дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар