Жамбыл Аxметбеков барлық талаптарға сай деп танылды - ОСК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы президенттікке ұсынылған кандидат Жамбыл Аxметбековті барлық талаптарға сай деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия мүшесі Бақыт Мельдешовтің айтуынша, ағымдағы жылы 26 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның 54 және 55 баптарына сәйкес, "Қазақстанның коммунистік xалықтық партиясы" қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке ұсынылған Жамбыл Аужанұлы Аxметбековтің құжаттары тапсырылған болатын.

"Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың тиісті талаптарға сай екенін тексеру мақсатында құзіретті мемлекеттік органдарға сұрау жолдап, қажетті мәліметтерді алдыртты. 27 сәуірде кандидаттың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Соның қорытындысы бойынша Жамбыл Аxметбековтің мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім шығарылды", - деді Б.Мельдешов.

Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Аxметбековтің Қазақстан Республикасының азаматы екенін және соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұрғанын анықтады. Жоғары білімі бар. Сотқа тартылған жоқ. Мемлекеттік қызметте 5 жылдық еңбек өтілі бар.

"Орталық сайлау комиссиясы шығарған қаулының бірінші тармағы бойынша Жамбыл Аxметбеков тиісті талаптарға сай деп танылды. Екінші тармаққа сәйкес, облыстық және қалалық сайлау комиссияларына ҚР Президенттігіне кандидатты қолдауға дауыс жинау үшін арнайы парақтар беру тапсырылады", - деп атап көрсетті Б.Мельдешов.

Соңғы жаңалықтар