+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Жамбыл Артықбаев: Томирис қай тілде сөйлеген

2019 жылғы 2 қазан 15:14
Бөлісіңіз:
Жамбыл Артықбаев: Томирис қай тілде сөйлеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаев facebook-тегі парақшасында Томиристің тілі туралы жазба қалдырды.

«Томирис ханымға арналған фильм шыққан екен, әлі тамашалаудың мүмкіндігі болған жоқ, Құдай бұйыртса реті келіп қалар, көрерміз. Қалың оқырман қауым фильмнің тілі туралы дауласып жатыр, бұл пікірталас дұрыс деп ойлаймын. Менің осыған байланысты ойыма келген бір сұрақ, Томирис қай тілде сөйлеген ?», деп жазады тарихшы.

«Сіздер сияқты мен де Томирис туралы алғаш рет Геродоттан оқыдым. Геродот Томиристі скиф (түпнұсқада -скуз) патшайымы дейді, тарихшының түпнұсқа жазбасында патшайымның аты Томир делінеді. Кейін келе бұл атауды римдік тарихшылар латын тіліне салып Томирис қылып өзгерткенге ұқсайды. Помпей Трог Томирис әңгімесін сипаттай келе оны скуздардың ішінде массагет еді дейді. Енді осы жерде бір қызық басталады. Сіздер тек Геродотты оқысаңыздар, мен гот (гет) тарихшысы Иорданды да оқыдым. Ол біздің заманымыздың 550 жылдары өмір сүрді. Оның «Gotica» сериясынан шыққан «Геттердің шығу тегі мен даңқты істері» деген кітабы бар. Бұл ғажап кітап скуз (скиф) және ғұндар туралы тамаша деректер береді», - дейді Жамбыл Артықбаев.

Оның айтуынша, ең басты қызығы Иордан Томирды «өзіміздің арғы замандағы анамыз, патшайымымыз» деп неміс тарихымен байланыстырған. Сонымен қатар, тарихшы ғұндардың ұлы қозғалысы кезінде герман-гот тайпалары бірі Аттиламен одақтасып, бірі Рим жағына шыққанын, әйтеуір Қара теңіз маңынан батысқа қарай лықсып, бүкіл Еуропаға тарағанын да алға тартады.

«Иорданның тағы бір дерегі – Кирді жеңген соң Томир Қара теңіз жағалауына Томы қаласын салды дейді. Иорданға тәпсір жасағандар ол қаланы Қара теңіздің батыс жағалауындағы Констанца дейді, ал мен осы қазіргі Азов қаласы емес пе екен деп ойлаймын. Себебі Геродот сияқты Иордан да Кирмен массагеттердің соғысы парсылар (түрнұсқада -Парфия) Әмудариядан бері өткен соң, далалық алқапта болды деп сипаттайды. Міне, Томирис ханым туралы осындай қызықты деректер аз емес. Бұл тұлғаны толық ашып көрсету үшін немістің тарихшы-этнограф ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеу керек деп білемін. Мәдениет министрлігі осы шаруаны мойынға алып, массагет тарихына қатысты зерттеулерді Германия (Алман) жерінде жалғастыруға мүмкіндік берсе бұл шаруа нәтижелі болар еді», - деп жазады Жамбыл Артықбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT