Жамбыл Ахметбековтің штабы қызылордалық дәрігерлермен кездесті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық сайлауалды штаб жетекшісі және партиялық комитеттің белсенділері «Облыстық медицина орталығының» қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның коммунистік халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ең алдымен облыстық штаб өкілдері орталықтың ұжымымен және қызметімен танысты.

Өңірлік штаб басшысы Т. Телеубаев ҚКХП-ның Мәжілісте мемлекеттік деңгейде жұмысшы таптың мүддесін қорғау мүмкіндігі бар екенін айтты. Партия өкілдері әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді көтереді, соның ішінде депутаттардың медицина саласына қатысты көтерген мәселелері ерекше аталып өтті.

Жиында Т. Телеубаев сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыт-бағдарына тоқталды. Сонымен қатар, ол партия адам өмірінің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқан стратегиялық басымдықтарын қолдайтынын және медицина саласы қызметкерлерімен қатар халық салауаты үшін еңбек етуді өзінің борышы санайтынын атап өтті.

Спикерлердің сөзінен кейін кездесуге жиналғандар көкейдегі сұрақтарын қойды. Оның басым бөлігі медқызметкерлердің жалақысын көтеру, баспанамен қамту, кадр тапшылығы және тағы басқа мәселелерге қатысты болды.

Соңғы жаңалықтар