Жамбыл Ахметбековтің штаб өкілдері Қызылордада еңбек ұжымымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің Қызылорда облыстық сайлауалды штабы өкілдері қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті.
ҚКХП Қызылорда облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.
Ол марксистік-лениндік ұстанымдардың маңызды тұстарын тілге тиек етіп, коммунистік тәрбиенің тәжірибелік аспектілері мен коммунистердің батыстың кері құндылықтарына қарсы жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.
Сондай-ақ, ол сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында белсенді болуға және азаматтық борыштарын орындауға шақырды.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.
- Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды
- Қызылордалық ерлі-зайыптылар үйлену тойын 13 жылдан кейін жасады
- Қызылорда облысына ертең тұман түседі
- Байқоңырда Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
-
Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады
-
Қызылордада «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы іске қосылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам