Жамбыл Ахметбеков штабы өңірлік үгіт топтарымен кеңейтілген отырыс өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтың Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоңыровтың төрағалығымен партияның үгіт топтарының облыстық штабтарымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиын видеоконференция режімінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстанның коммунистік халық партиясының баспасөз қызметі.

Жиынға қатысушылар үгіт-насихат жұмысы мен қолданыстағы заңнамаларды сақтауға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады. Үміткердің аймақтардағы сайлаушылармен кездесулері туралы қысқаша баяндалып, қатардағы азаматтар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатқаны атап өтілді.

Республикалық штаб жетекшісі А. Қоңыров ағымдағы жағдай мен штаб жұмысы жайлы айтып берді. Ол барлық іс-шаралар белгіленген уақытында және жоспарға сай өткізіліп жатқанын айтты. БАҚ-қа үміткерді қолдау мақсатында жарнама берілді, жарнама құрылғыларына сайлауалды билбордтар ілінген, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, қалалық және облыстық комитеттердің бірінші хатшыларының аралық есептері тыңдалды.

Кездесу соңында спикерлер штаб қызметкерлеріне алғыс білдіріп, сайлауалды жарыс қызып жатқанын, алда әлі де жемісті еңбек атқару керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар