Жамбыл Ахметбеков қызылордалық оңалту орталығында болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков «Талсуат» оңалту орталығында болып, мекеме қызметкерлерімен және емделушілермен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның коммунистік халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық жетекшісінің сөзінше, мекеме заманауи техникамен жабдықталған және өзінің тиімді емдеу әдісімен танымал. Кездесуде Жамбыл Ахметбеков жиналған қауымға өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, батыс мәдениетінің кері әсеріне ерекше тоқталды. Ол ҚКХП қылмыскер олигархтардың елге қайтарылуын және сотқа тартылуын талап ететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ үміткер өз партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы қазақстандық саясаттың бел ортасында болуын талап ететінін атап өтті.

Жиында, сонымен қатар, ұлттық саясат, жастардың патриоттық тәрбиесі, зейнетақы, еңбек ардагерлері мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау шаралары мәселелері талқыланды. Кездесу соңында кандидат қатысушыларға ризашылығын білдіріп, емделушілерге сәттілік тіледі.

Қызылорда облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев партия адам өмірінің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқан стратегиялық басымдықтарын қолдайтынын және медицина саласы қызметкерлерімен қатар халық салауаты үшін еңбек етуді өзінің борышы санайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар