Жамбы атудан Қазақстан чемпионы анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жалауы желбіреген Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы жамбы атудан -V чемпионатында қызылордалық Ғалымжан Өміртай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбы атудың екі кезеңінен өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 22 спортшы қатысты. Алғашқы кезең «Қалқан атудан» іріктеліп 11 ойынша «Жамбы ату» - қазақ стиліне жолдама алды. Бұл 11 ойыншы екінші кезеңде тартысты ойын көрсете білді. Олар алаң ортасына

Ә дегеннен қызылордалық Ғалымжан Өміртай өз мергендігімен танылды. Бірден 15 ұпай беретін алтын жамбыны атты. Екінші айналымда да 10 ұпай беретін күміс жамбыға тағы дөп тигізген ол өзгелерден оқ бойы озық шықты. Ал ойын барысында 5 ұпай беретін қола жамбыға Нұр-Сұлтаннан келген Диас Ахметов 1 рет тигізді.

Сонымен жоғарыдағы 11 ойыншының қазақ стилінде жинаған ұпай сандары мынадай. Бұл жерде алғашқы «Қалқан ату» кезеңінің де ұпайлары қоса есептеледі.

Нұрсұлтан Жүсіпәлин (Ақмола облысы) - 4 ұпай.
Азамат Нұртаев (Ақмола облысы) - 13 ұпай
Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы) - 29 ұпай
Ынтымақ Шыңғысбай (Нұр-Сұлтан қаласы) - 8 ұпай
Ералхан Айкөз (Түркістан облысы) - 20 ұпай
Әлия Бекен (СҚО) - 2 ұпай
Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы) - 10 ұпай
Айтбек Сарыбай (Түркістан облысы) - 9 ұпай
Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы) - 25 ұпай
Серік Әлібаев (Алматы қаласы) - 5 ұпай
Жанәділ Ғазезов (БҚО) - 4 ұпай

Соңғы жаңалықтар