Жамаубаев: Бюджетті жоспарлауда электронды жүйенің екінші кезеңі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік процесті цифрландыруға қатысты қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы Мемлекеттік жоспарлаудың жүйесін дамыту жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл өз кезегінде бізге 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыруды электронды формада жүргізуге мүмкіндік берді», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, жүйеге 1 125 мемлекеттік мекеме мен 4 мың пайдаланушы қосылды.

«Биыл Мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесін дамыту жобасының екінші кезеңін іске асыру жоспарланған. Жоба бюджетті жоспарлаумен байланысты мерзімдік әрі үстеме шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады.

Қаржы министрі Ұлттық қордың қазіргі жағдайы туралы баяндады.



Соңғы жаңалықтар