+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жаманшың кратері: Геопарк әлде аспан асты музейі

2019 жылғы 22 қыркүйек 13:04
Бөлісіңіз:
Жаманшың кратері: Геопарк әлде аспан асты музейі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қазақстанның киелі географиясына енген Жаманшың кратері ғалымдардың зерттеу нысанынан түскен жоқ. Болашақта бұл жерге геопарк немесе аспан асты музейі салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жетісудан шыққан рухани керуен арыстықтармен кездесті Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады Елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың киелі жерлерін аралауда

1 миллион жылдық тарихы бар Жаманшық метеориттік кратері жан-жақты зерттелген нысандардың бірі. 1970 жылдан бастап аумақты зерттеуге қатысып, кейін «Метеоритный кратер Жаманшин» атты кітап жазған геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Павел Флоренский Ақтөбеге қайта келіп, аумақты қоршап, қорғауға алуды сұрады.

Халықарарық ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық конференция кезінде сөз сөйлеген П.Флоренский кратерді қорғауға алып, туризмді дамыту жұмыстары кезінде жерді жалға бермеу қажет деген ойын баса айтты.



«Жаманшың кратерінде алмаз бар, бірақ ол әшекей жасауға келмейді. Яғни, тым ұсақ, аз. Геолог, минералогтарға бар, ал зерлерлер үшін ол жерде алмаз жоқ деп бір сөзбен айтуға болады. Ал иргизит тектиттері жаңбырша жауған әйнек, жаманшинит жарылыс кезінде түзілген ерітіндінің бірігуі. Өткен ғасырда жүргізілген зерттеу кезінде ғылым академиясы арқылы әлемнің әр түкпіріндегі лабораторияларға, музейлерге иргизит пен жаманшиниттің бір бөлігін жібердім. Нәтижесінде Жаманшық әлем бойынша зерттелген кратерлердің қатарына кірді. Әрі күн санап адамдардың қызығушылығын арттырып келеді. Алдағы уақытта жақсы туристік маршрут ашу керек. Ол үшін жол салып, қонақ үй құрылысын жүргізген дұрыс. Ырғызда тұратын адамның гид болғаны қажет. Мұндайда жерді жалға беру нұсқасы қарастырылуы мүмкін. Ұлттық құндылықты саудаға салып, жерін жалға берудің, одан бизнес жасаудың қажеті жоқ», - деді зерттеуші Павел Флоренский.



Кратердің ішкі сақинасының өлшемі 5,5 шақырым, сыртқы өлшемі 10 шақырымды құрайды. Қазір мұнда бір адамның бейіті бар. Ғалымдар құлпытастағы жазбаны оқи алмады. Дегенмен оның жергілікті тұрғын екені белгілі. Алдағы уақытта мұнда туристер үшін жеке маршрут бекітіліп, қолданысқа енгізілуі мүмкін.



«Зерттеуші Павел Флоренский кратердегі 20 шақырымды қорғауға алып, қоршауды ұсынып отыр. Біз 100 шақырымды астрофизикалық, тарихи, табиғи ендік бағытты қамтитын кешенді туристік геопарк немесе орталық құрылуы қажет деп есептейміз. Зерттеуші Серік Әжіғали 30 жылдан бері осы туралы айтып келе жатыр. Себебі Жаманшың маңында Әбілқайыр хан 45 мың әскери жинаған, Алмат тамы, Жаныс би тамы, Балғасын мовзолейі бар. Мәселен Балғасын маңындағы емдік тұз Қырымның кез келген курортындағы ем тұзынан сапалы, Ырғыз-Торғай резерваты бар. Бәріне ортақ турмаршрут қажет», - деді өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай.

Ақтөбеге келген ғалымдарды облыс әкімі Оңдасын Оразалин қабылдады.

«Президент халыққа Жолдауында броконерліктің алдын алып, табиғат пен жан-жануарларды қорғауға аса мән берді, Қазақстанның киелі жерлер географиясына енген нысанның бірі ретінде Жаманшыңды қорғау жауапты іс әрі осы мәселеге жанашырлық білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деді Оңдасын Оразалин.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT