+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Жаманқұлов ісі: Сотталушы «Фениксті» түсірудегі ақшаның қалай ұрланғанын әңгімеледі

2017 жылғы 6 сәуір 06:05
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының № 2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста сотқа түсінік берген «Феникс» фильміне дыбыс режиссері ретінде жұмысқа шақырылған Илья Коробейников өз кінәсін жартылай мойындады. Алайда, өзінің кәсіби жұмысымен қатар, оның кинокартина басшылығының басқа да тапсырмаларын орындағаны мәлім болды.

«2014 жылдың сәуірінде не наурыз айының соңында Талғат Жәнібеков мені «Феникске» шақырды. Әуел баста оның толық метражды көлемді фильм болатынын ұқтым. Бұған қуандым. Бірақ қуанышым ұзаққа бармады. Т. Жәнібеков 10 күннен кейін менімен бірге жұмыс істеуден бас тартты. Бірақ артынан бәрібір жұмысқа қабылдандым. Н. Юдинамен фильмнің алдын-ала және дайындық кезеңдеріндегі жұмысымызды пысықтадық»,- деп әңгімеледі сотта И. Коробейников.

Оның айтуынша, барлық қаржылық жұмыстарды фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдинамен шешім отырған. Ал Наталья Юдина өз кезегінде тек Тұңғышбай Жаманқұловтың тапсырмаларын орындаған. Атап айтқанда, бұл жерде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру туралы болып отыр. «Фильмнің сценарийімен танысқан соң, мен дыбыс мәселесі бойынша шығындар есебін жасадым. Алайда тек үшінші есебім ғана ауызша мақұлданды. Оны мақұлдағаннан кейін, біз алдын-ала және дайындық кезеңдері бойынша жұмыстарға қатысты келіссөздерді жүргізе бастадық. Сонымен қатар, Наталья Юдина маған ұйымдастырушылық жұмыстарды да сеніп тапсырды. Ол маған фильмді түсіруге қажетті мамандардың тізімін берді»,- деді сотталушы.

Илья Коробейников өз жауабында бұл жобадан 1 млн. 400 мың теңге (ай сайын 200 мың теңге) жалақы алғанын ашық айтты. Жалпы алғанда, ол өзінің жұмысы мен көрсеткен қызметі үшін Н. Юдинамен 6,1 млн. теңгеге келісім-шарт жасаған. «Үш келісім-шарттың жалпы құны 6,1 млн. теңгені құрады. Бір айдың көлемінде мен басқа мамандарды қашан жұмысқа шақыру керектігін сұрадым. Сол кезде Н. Юдина ол мамандарды шақыруды уақытша тоқтата тұратынын айтты. Алайда, келісім-шарт бойынша 2,3 млн. теңгені қайтарып беру керектігін мәлім етті»,- деді ол.

Сайып келгенде, И. Коробейников 2,3 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейіннен Н. Юдинаға қайтарып берген. «Мен алғашқы тергеу кезінде жалған сөйледім. Бірақ екінші рет тергеуге шақырғанда бар шындықты айтып бердім. Өйткені, мен кінәмді жартылай мойындаймын. Наталья Юдинаға атқарылған жұмыстардың актісін бергенде оны қолдан жасадым. Бұл жалған актілер болатын»,- деп түсіндірді сотталушы. Атап айтарлығы, қалған 3 млн. 800 мың теңгеден астам қаражатты өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны мәлім болды. Бұдан байқалғаны, дыбыс режиссері өзінің қызметін толығымен атқармаған.

Атап айтарлығы, сот отырысында сотталушы Наталья Юдина Илья Коробейниковтың сөзін растады. «Менің И. Коробейниковтан 2,3 млн. теңгені қайтарып алғаным рас. Себебі сол кезде Жаманқұловтан ақшаны қайтару туралы нұсқау түсті»,- деп мәлімдеді сот отырысында сотталушы.

Бүгін басқа да сотталушылармен қатар басты айыпталушы - Тұңғышбай Жаманқұловтан да сотта жауап алу көзделуде. Сот отырысы одан әрі жалғасып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Тұңғышбай Жаманқұлов,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT