+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Жаманқұлов ісі: Куәгер сотта «Феникстің» жарнамалық ролигі көшірме болғанын айтты

2017 жылғы 17 наурыз 10:49
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы №2 Медеу аудандық сотында режиссер Тұңғышбай Жаманқұловқа, «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына және «T.K.Turan Universal Business» ЖШС-ның қызметкерлеріне қатысты «Феникс» кинофильмін түсіруге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұл жолғы сотта «Феникстің» алдын-ала және дайындық кезеңдеріндегі жұмыстарды қабылдау бойынша сарапшылар комиссиясының мүшелері түсінік берді. Атап айтарлығы, бұл комиссияның барлық мүшелері кинематография саласындағы жоғары білікті мамандар болып шықты: олардың арасында әйгілі актерлер, режиссерлер, редакторлар бар.

«Кинофильмнің тизері (жарнамалық ролигі) көшірме болғанын айтуымыз керек. Мысалы, америкалық «Цунами» фильмінде теңіздің толқынының тура осындай көрінісі бар. «Разлом» деген кинода да тура осылай. Жер сілкінген кезде отбасы мүшелері дәмханада отырып, ыдыстардың сылдырлағанын көріп, қатты шошиды. «Фениксте» осындай көшірмелер кездеседі. Бұл - басқа бір киноны көшіріп алу. Мен мұны көргенде америкалықтар бізге плагиат үшін әлі түсімізге де кірмеген есеп-шотты жіберетін еді»,- деп әңгімеледі соттағы жауабында «Қазақфильмнің» қызметкері Олжабай Мұсабеков.

Оның айтуынша, «Феникстің» шығындары анық көрсетілген жоспары, сценарийлік жоспары болмаған. «Мұндай жағдайда түсірілім тобы қалай жұмыс істейді? Костюмдер эскизі мен декорациялар эскизі де болған жоқ»,- деді куәгер соттағы сөзінде. Яғни, кино түсіруші топ бұл мәселелерді ұмыт қалдырған. Сондай-ақ, ол техникалық қауіпсіздік мәселесі де шешілмегенін жасырмай айтты.

«Белгілі бір дайындық жұмыстары жасалды, бірақ ол кино түсіруді бастауға жеткіліксіз еді. Өзіңіз ойлаңызшы, күнтізбелік жоспарсыз қалай жұмыс істеуге болады?»,- деді О. Мұсабеков.

Ұсынылған материалдармен танысқан соң сарапшылар комиссиясы қойылым жобасын қорғауға дайын емес екеніне көз жеткізген. Оған қоса, дайындық жұмыстары да толыққанды деңгейде орындалмаған соң, фильм түсіру тоқтап қалған.

Сонымен қатар, сотта сөйлеген куәгерлер фильмнің алдын-ала және дайындық кезеңдеріндегі жұмыс толығымен іске асырылмағанын мәлімдеді. Мысалы, актерлердің кастингі өткізілмеген. Сондай-ақ, фильмнің графикасын жасауда көптеген кемшіліктерге жол берілген.

«Маған сараптамаға ұсынылған материалдар кастинг материалдарын тіркеу ережелеріне сәйкес келмеді. Мысалы, маған 15 папка мен 2 фотосурет ұсынылды. Соның ішінде бір папкада бір ғана актердің 30 фотосуреті жүр. Алайда, тәртіп бойынша бір емес, кем дегенде 10 актердің әртүрлі фотосуреттері болуы керек. Бұған қоса, фотосуреттердің фильмнің сценарийіне ешқандай қатысы болмағанын көрдім»,- деп әңгімеледі сотта фильмнің алдын-ала және дайындық жұмыстарын қабылдап алу жөніндегі сарапшылар комиссиясының мүшесі Жанна Қуанышева.

Басқаша айтқанда, кастинг көрсетілген ережелерге сәйкес өткізілуі тиіс. Яғни, әрбір рөлге таңдалған актерлердің аты-жөні жазылған альбом жасалмаған. Бұған қоса, әрбір рөлге кем дегенде екі үміткер ұсынылуы керек. Жанна Қуанышева дайындыққа түсірілген бейне көріністердің де жоқтығын қадап айтты. «Комиссияның назарына бейне түсірілімдер де ұсынылмаған. Мысалы, әр рөлге әртүрлі актер түсіп көруі тиіс. Бірақ ұсынылған материалдардың арасында мұндай бейнекөріністер болған жоқ»,-деп түсіндірді куәгер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT