Жалпыұлттық Түркия газетінің 4 нөмірі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауына арналды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат- Түркиядағы күнделікті 200 мың дана таралыммен шығатын жалпыұлттық "Vatan" газеті, 4 күн қатарынан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауының толық мәтінін жариялады. Жолдау мәтінін Қазақстанның Анкарадағы Елшілігі түрік тіліне аударған болатын.

"Vatan" газетінің тілшісі, саяси шолушы, өз саласының сарапшысы Кемал Саллы аталмыш мақалада, бауырлас Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы, қысқа мерзім аралығында жоғары дүниежүзілік деңгейге жетіп, бәсекелесуге қабілетті мықты мемлекетке айналып, сонымен қатар мүдделі тараптар үшін көрнекті үлгі болғанын баяндады. "Жолдау авторы, 22 жылдық тәуелсіз Қазақстанның бірқатар елеулі жетістектерінің архитекторы болып табылады. Меніңше, аталмыш Жолдауды оқу тек Қазақстан халқына ғана қажет емес. Сондай-ақ жалпы ізденуші, кез келген оқырманға Жолдаудан алары көп", - деп атап өтті К.Саллы. Оқырмандар мақалаға байланысты Н.Назарбаевтың Жолдауында Қазақстанның болашағының негізін қалап, қоғамның ішкі және сыртқы даму факторларын епті үйлестіре білген деген сияқты ортақ пікірлер білдірді.

Соңғы жаңалықтар