17:03, 12 Шілде 2020 | GMT +6
«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасы тікелей эфирде көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді, ,деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
2020 жылдың 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын Qazaqstan ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.
Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.