Жалпыұлттық аза тұту: Түркия елшілігі мемлекеттік туын түсірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түрикяның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі қазақ халқымен тілектестік ниетін білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы ғимаратына ілінген мемлекеттік туды төмен түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Елшіліктің Facebook -тегі парақшасында хабарланды.

«Қазақстанда жарияланған ұлттық аза тұту күніне байланысты бауырлас қазақ халқымен тілектестік ниетінде Елшілігіміздегі туымызды жартылай төмен түсірдік. Осы орайда, жарылыстардан қаза тапқандарға тағы да Алладан рақым, жараланғандардың да тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деп жазылған Facebook-тегі мәліметте.

Еске салсақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар