Жалпыұлттық аза тұту күні: Қазақстандағы ең үлкен Ту төмен түсірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алаңында орналасқан ең үлкен Ту төмен түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 12 маусым күні сағат 00:00-ге дейін еліміздегі барлық ту жартылай (50 м) төмен түсірілді.

Абай ауданындағы өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды.


Соңғы жаңалықтар