Жалпыға бірдей декларациялау табыс салығын азайтуға мүмкіндік береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей салықтық декларациялаудың негізгі мақсаттары мен артықшылықтарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42 қадамына сәйкес кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей салықтық декларациялау жүргізу көзделген. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру. Мұндай жүйе көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұл ретте, салық салынатын базаны төмендету мақсатында жеке тұлғалар әлеуметтік салық шегерімдерін қолдана алады.

«Азаматтардың тиісті шығыстары болған кезде табыс салығының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Декларациялау кезең-кезеңімен, мемлекеттік қызметшілерден бастап, кейіннен барлық азаматтар үшін жүргізіледі», - деді Қаржы министрі.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 1 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің алғашқы кезеңіне мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары енген еді.


Соңғы жаңалықтар