Жалпы құны 500 млрд теңге болатын мүлік, активтер мен қаражат елге қайтарылған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жалпы құны 500 миллиард теңге болатын мүлік, активтер мен ақша қаражаты елге қайтарылған, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомство келтірген дерекке сай, 2022 жылдың 8 айында шамамен 500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қаражатын қайтару қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында табысты ұлтты қалыптастырудың маңызды факторларының бірі орта білім беру сапасы болып табылатынын атап өткен еді.

«Әрбір қазақстандық оқушының оқуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайы болуы тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалуы керек» - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге ерекше көңіл бөледі» делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада.



Фото: ta-praca.pl



Соңғы жаңалықтар