Жалпақталға жас дәрігер мамандар келді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-дағы Жалпақтал ауылындағы Қазталов аудандық ауруханасына жас дәрігер мамандар келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аурухананың бас дәрігері Есенгелді Рабаевтың айтуынша, Алматыдан жоғары оқу орнын бітіріп, бірлесіп отау құрған Алмас Жүнісбеков пен Жәния Батырбек бірден осындағы ауруханаға орналасты. Алмас хирург болса, Жәния - гинеколог. Оларға жаңа пәтермен қатар 90 мың теңге көлемінде көтермеақы беріледі.

Жалпы, аталмыш ауруханада 18 дәрігер жетіспесе, соның үшеуінің орны биыл толтырылып отыр. Бұдан бұрын Жалпақталдың өз түлегі Айнұр Хайруллина да жұмысқа кіріскен болатын.

Соңғы жаңалықтар