Жалпақтал су қоймасын салу қажет - сенатор

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Жалпақтал су қоймасын салу қажет. Мұндай ұсынысты бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Ерболат Мұқаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселе Жалпақтал су қоймасын салу төңірегінде болып отыр. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын Сенат дептутаттары Киров-Шежін арнасын жөндеу жөнінде мәселе көтерген болатынбыз. Бұл мәселе қолдау тауып, 7 жылдың ішінде 180 шақырым арна бүгінгі таңда бітіп тұр. Жуырда Елбасының Жолдауына байланысты сол елді мекендерде болып, арнаның бойымен жүріп өттік, жергілікті халықпен кездестік. Халық Елбасына алғысын білдіріп, Үкіметке ризашылығын айтып отыр», - деді сенатор.

Оның сөзіне қарағанда, ендігі мәселе сол Киров-Шежін арнасына келетін судан 30 млн текше метр су сақтайтын қома салу төңірегінде болып отыр. Жалпы, бұл мәселе бұған дейін де көтерілген.

«Қазіргі уақытта Су комитетінің тарапынан су қоймасының жобалық-сметалық құжаты бітпей отыр. Сондықтан Жалпақтал су қоймасын салуға және оның аяқталуына септігіңізді тигізуіңізді сұраймыз», - деді Ерболат Мұқаев.

Соңғы жаңалықтар