Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 264 турнирінде америкалық Джером Риверамен (10-5) айқасты. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда Жұмағұлов бірінші раундта қарсыласын тізе бүктірді.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы он төртінші және UFC-дегі бірінші жеңісі болып отыр. Промоушндегі алдыңғы екі ойында төрешілердің бірауыз шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан (20-3) және швед Амир Альбазиден (14-1) жеңіліп қалды.

Джером Ривераға келетін болсақ, ол мансабында алтыншы рет және UFC-де үшінші рет жеңіліп отыр – ол промоушндегі үш айқаста да жеңіліс тапты.


Соңғы жаңалықтар