+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Жалғас Жұмағұлов UFC-де өткізген екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

2021 жылғы 24 қаңтар 08:42
Бөлісіңіз:
Жалғас Жұмағұлов UFC-де өткізген екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Баскетбол: Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады Василий Левит француз боксшысын жеңіп, Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты Испания турнирі: 3 қазақстандық жартылай финалға өтті

Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турнирінде жұдырықтасты. «Жауынгерлер аралында» қазақстандық спортшы швед Амир Альбазиге қарсы шықты (13-1). Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды және төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Альбазидің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Амир Альбази өз карьерасындағы 14-ші, UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Жалғас Жұмағұлов болса, 5-ші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, 32 жастағы жекпе-жек шебері UFC-ге алғаш рет өткен жылдың маусым айында шықты. Ол төрешілердің шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвеге (20-3) жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT