+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жалған вакцина паспортын жасатқан әйел реанимацияда көз жұмды – Маңғыстау

2021 жылғы 15 қазан 12:54
Бөлісіңіз:
Жалған вакцина паспортын жасатқан әйел реанимацияда көз жұмды – Маңғыстау

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстауда жалған вакцина паспортын жасатқан әйел реанимацияда көз жұмған. Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингіде БАҚ көілдерінің жалған вакцинациямен күрес туралы сауалына жауап берген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Вакицнацияның таза жүруін біз әуел бастан қолға алдық. Бүгінгі таңда екпе бекеттерінің бәрінде бақылау камералары орнатылған. Негізі Маңғыстау облысында анықталған дерек бойынша кезінде ақпарат берілген. Полиция департаментінің мәлімет бойынша Ақтау қаласындағы №1 емханада бұл факті тіркелген. Өкінішке қарай ол іске дәрігерлермен мен медбикелердің қатысы бар болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Одан басқа фактілер анықталған жоқ», - деген әкімдік өкілі.

Сондай-ақ, ол биыл Маңғыстау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші былтырғыдан 5 артқанын еске салды.

«Бағана да айттым, 2020 жылдан бастап 23 мыңнан астам маңғыстаулық ауырды. Соның ішінде 19 337 адам 2021 жылдың басынан бері коронавируспен ауырған. Яғни, науқастану деңгейі былтырғыдан 5 есе көп. Солардың ішінде стационарларда емделіп шыққандардың саны 14 мыңға жақын. Олардың ішінде 89 адам вакцинаның бірінші компонентін алып, иммунитеті уақытында қалыптаспай, ауырып қалған. Ол кісілер емделіп шықты. Екі компонетін де алып ауырған 65 науқас стационарда емделді», - деген әкімнің орынбасары вакцинациядан кейін індет жұқтырып ауруханға түскендердің ішінде екпе құжатын қолдан жасаған адам кездескенін атады.

«Біз осы науқастар арасында әрбірін тексеріп, «екпені шынымен алды ма, әлде жалған паспорты жасатты ма» деген сауалға жауап іздедік. «Басқа өңірге барып келдім, сонда вакцина алған едім» деп, бірақ, өкінішке қарай, реанимацияға түсіп қайтыс болған азаматша болды бізде. Әрине бұл жерде екі жақтың мәселесі бар. Өзіміз өзімізді алдағандай болдық. Вакцинадан қорыққаннан осылай болды», - деді Гүлмира Қалмұратова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT