+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жалған вакцина паспортын сатып алғандар қайтадан екпе салдыра ала ма

2021 жылғы 8 қыркүйек 17:10
Бөлісіңіз:
Жалған вакцина паспортын сатып алғандар қайтадан екпе салдыра ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалған вакцина паспортын сатып алғандарға қайта екпе алу мүмкіндігі беріле ме? Бұл сұраққа орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО халқының 70 пайыздан астамы вакцинаның екі компонентін салдырды Көкшетау тұрғындары вакциналау мәселесі бойынша кеңес алды Қазақстан ғалымдары мысықты коронавирустан қорғайтын вакцина әзірледі

«Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезекте халықты иммундауды сапалы жүргізуге мүдделі. Сондықтан ондай олқылықтардың жолын барынша қатаң түрде кесуіміз керек. Өздеріңіз білесіздер, Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Өңірлердің бәрінде дерлік жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Вакцина паспортын заңсыз жолмен сатып алу әрекеттерімен әлі де күресе береміз», - деген вице-министр әзірге жалған вакцина паспорты бар азаматтардан қайта екпе алу туралы өтініш түспегенін айтты.

«Бір кезде заңсыз тәсілген жүгінген, енді нағыз вакцина алғысы келетіндерге қатысты айтсақ, бүгінде бізге ондай өтінімдер келген жоқ. Жүгінген жағдайда ондай азаматтармен жұмыс істеуге дайынбыз. Бірақ бұл жерде бірқатар нормативтік-заңнамалық мәселелерді атқаруымыз керек. Яғни, тиісті құзырлы органдардың тиісті мақұлдауы керек. Бірыңғай шешім шыққан кезде ол туралы мәлімдейміз», - деді Марат Шоранов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT