Жалған вакцина паспортын сатып алған алматылықтар екпе салдырып жатыр ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жалған вакцина паспортын сатып алған алматылықтар қайтадан екпе салдырып жатыр ма? Бұл сауалға брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Алматыда екпе төлқұжатын сатып алушылардың нақты санын әлі білмейміз. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бірақ 20-ға жуық факті тіркелгенін білеміз. Үкімет оларды вакциналау туралы шешім қабылдаған жоқ. Күні бүгінге дейін жалған құжаты бар тұрғындардың ешқайсысы вакцина салдыруға келген жоқ», - деп жауап берді Нариман Табынбаев.

Бұған дейін ол денсаулық сақтау министрлігінде вакцина паспортын сатып алғандарға рақымшылық жасау мәселесі талқыланып жатқанын айтқан блатын.


Соңғы жаңалықтар