Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін 86 іс қозғалды – ҚР ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері полиция органдары жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамалары үшін 86 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, интернет-ресурстарды мониторингілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ІІМ және оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату туралы хабарландыруларды анықтау бойынша тұрақты мониторинг топтар жұмыс істейді.

«Мәселен, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған вакциналау паспорттарын немесе ПТР анықтамаларды сату туралы 62 хабарландыру анықталды. Әзірге олардың 29-ы бұғатталған. Сонымен бірге жалған құжат сатып алуға тырысып, алаяқтардың құрбанына айналуға болатынын атап өткен жөн», - дейді А. Заппаров.

Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда.

«Жыл басынан бері полиция органдары 86 қылмыстық іс қозғады, оның 39-ы вакциналау паспортын және 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасағаны үшін жауапқа тартылды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы – жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді және т.б. қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Осыған байланысты ІІМ сақтық шараларын ұстанып, заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырады», - дейді Арыстанғани Заппаров.


Соңғы жаңалықтар