+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Жалған ПТР тест пен вакцина паспорты фактісі бойынша 156 іс қозғалды- ІІМ

2021 жылғы 16 қыркүйек 19:12
Бөлісіңіз:
Жалған ПТР тест пен вакцина паспорты фактісі бойынша 156 іс қозғалды- ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына орай құрылған вакцинациялаудың жалған паспорттарын әзірлеу және ПРЦ-тестілеудің өтірік нәтижелерін тарату фактілерінің жолын кесу әрі тергеу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомство мәліметінше, отырысқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары (Бас прокуратура, ҰҚК Шекара қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, қаржы монгиторингі жөніндегі агенттік, Денсаулық сақтау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) қатысты. Кеңес барысында мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды. Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу мен вакцинация паспорттарының жасанды нәтижелерін қолдан жасау және пайдалану бойынша 156 қылмыстық іс тіркелгені атап өтілді. Алдын алу іс-шаралары мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жалған медициналық құжаттарды дайындаумен және пайдаланумен байланысты бұзушылықтар жалғасып жатқандығына назар аударылды.

«Мысалы, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысының полицейлері жалған вакцинациялау жүргізгені үшін (ақшалай сыйақы 30 мың теңге) 8 адамды, оның ішінде 4 медицина қызметкерін ұстады. Олардың көрсеткіштеріне сәйкес жалған төлқұжаттар 150-ден астам азаматқа берілген. Елордада, 15 қыркүйекте қалалық емхананың 2 медбикесі және осы жылдың маусым айынан бастап жалған вакцинация жүргізген делдал - мектептердің бірінің оқытушысы ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша 100-ге жуық азамат жалған төлқұжат алған. Барлық анықталған фактілер бойынша жалған екпе алған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Сотқа 20 қылмыстық іс жолданды, 17 адамға қатысты 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, айыптау үкімі шығарылды», - деп атап өтеді министрліктен.

Мәселен, Ақтөбе қаласындағы жеке клиниканың медицина қызметкері мен оның делдалдық қызмет көрсеткен жұбайына облыстық соттың шешімімен әрқайсысына 200 АЕК (583 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT