Жалған полицейлер қостанайлық зейнеткерлерді алдап, ақша алып отырған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өздерін полицей ретінде таныстырып, ақша талап етіп жүрген алаяқтар көбейді,деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайда жыл басынан бері 5 алаяқ өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, елден ақша бопсалап келген. Жалған полицейлер 70-90 жас аралығындағы зейнеткерлерді құрығына түсірген.
«Олар зейнеткерлерге хабарласып, немерелерінің жаяу жүргіншілерді қағып кеткенін жеткізген. Осылайша, немерелерін полициядан алып кету үшін ақша талап еткен. Егде жастағы кісілердің барлығы ақпаратты тексеру үшін туыс-туғандарына хабарламаған. 4 жағдайда зейнеткерлер 100 мың теңгеге дейін ақша берген. Олар жалған тәртіп сақшыларына беретін ақшаны үйлерінің алдындағы пошта жәшіктері мен подъездерге қалдырып отырған», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Белгілі болғандай, бір зейнеткер алаяқтың «Киви әмиянын» 40 000 теңгемен толтырған.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары бөгде адамдардан сақ болуды ескертеді.
- Браконьерлік қылмыстар бойынша жыл басынан 23 іс қозғалды
- Полицияға жалған арыз жазған Өскемен тұрғыны істі болды
- Полицейлерден қашып жүрген Үржар ауданының тұрғыны Алматы облысында ұсталды
- Рудныйда 2 жасар қыз бала терезеден құлап кетті
-
СҚО тұрғыны 14,5 келі есірткімен ұсталды
-
Полиция іздеу салған қостанайлық бойжеткен тоғыз күннен соң табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам