Жалған мемлекеттік нөмір үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды

None
None
ТАЛДЫҚОРГАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты полиция капитанына қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іс материалдары бойынша, М-ді. полиция қызметкерлері көлікті жалған мемлекеттік нөмір тіркеп алып, жүргізіп жүргені үшін ұстады. Осы әрекеті арқылы ол Жолда жүру ережесінің 2.4.5 тармақтарын бұзды»,-делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Сот қаулысымен полиция қызметкері кінәлі деп танылып, оған 1 жылға дейін көлік басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Құжат күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар