+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Жалған медициналық құжаттар сатқан 3 түркістандық азамат ұсталды

2021 жылғы 26 шілде 12:13
Бөлісіңіз:
Жалған медициналық құжаттар сатқан 3 түркістандық азамат ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жалған медициналық құжаттарды жасап, сатқан 3 азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аяқталды ШҚО-да 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды Елордада алаяқ әйел 19 адамды алдап, 3,5 миллион теңгесін алып кеткен

«Министрліктің Тергеу департаментіне қарасты әскери тергеу басқармасы Түркістан облысында жалған медициналық құжаттар жасаған 3 азаматты ұстады. Олардың арасында Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесі де бар. Дәрігер «COVID-19» індетінің өршіп тұрғанына қарамастан Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасынан өтушілерге жалған медициналық құжаттар жасап, ұсынған. Анықталғандай ұсталғандар қазақстандық медицина мекемелерінің атынан жалған түрде ем алуға шақырту құжатын әзірлеген және оны 3-8 мың теңге аралығындағы бағаға сатқан. Қолдан жасалған құжат медициналық мекеменің шақыруымен келемін деген желеу арқылы Қазақстанның аумағына өтуге рұқсат үшін жасалған» ,- деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тергеу барысында күдіктілерден мөр қойылған 1266 медициналық бланк табылды.

«Бүгінде ҚР ҚК-нің 385 бабына сәйкес, «жалған құжаттар жасау» деген айыппен сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы орайда ІІМ жалған құжат әзірлегені үшін азаматтар 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылатынын және оны пайдаланғаны үшін 40 күнге дейін қамауға алынатынын ескертеді», - дейді ол.

Бұған дейін Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікпен 47 жасар ер адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT