Жалған құжатпен шекарадан өтпек болғандарға қатысты 99 дерек анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтарының жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды, 1,9 млрд теңгеге жақын сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді.

Қару мен оқ-жарақты өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды», - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.


Соңғы жаңалықтар