+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жалған құжат жасаған Қостанай тұрғыны мемлекетке 195 млн теңге залал келтірді

2020 жылғы 28 мамыр 12:47
Бөлісіңіз:
Жалған құжат жасаған Қостанай тұрғыны мемлекетке 195 млн теңге залал келтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тобыл қаласы тұрғынының өз кәсіпорны атынан жалған мәмілелер жасап, сол арқылы мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыпталушы 2017 жылы өзінің фирмасын тіркеп, Тобыл қаласында кеңсе жалдаған. Клиент іздеу кезінде ол жалған есеп құжаттарын рәсімдеуді ұсынған танысына жолығады. Тиісінше, танысы қолма-қол аударылған қаражаттан 3-5% көлемінде сыйақы ұсынған.

«Сол уақыттан бастап ол мүліктік пайда табу мақсатын іске асырады. Танысының ЖШС мекенжайына тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей, жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеп келген. Мемлекетке 195724161 теңге сомасына залал келтірілді. Қостанай аудандық сотының үкімімен Тобыл қаласының тұрғыны ҚР ҚК 216-бабы, 3-бөлігі., 28-бабы, 5-бөлігі., 245-бабы, 3-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, ол 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдастырушылық-басқару, бухгалтерлік қызметерді атқару құқығынан айырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT