+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жалған бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан топ қылмысы әшкереленді

2019 жылғы 15 тамыз 12:36
Бөлісіңіз:
Жалған бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан топ қылмысы әшкереленді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық экономикалық тергеу департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жалған заңды тұлғалардың атынан бухгалтерлік құжаттар жасауды жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды Ақмола кәсіпкерлерінің 90 пайыздан астамы онлайн бақылау-кассалық машинаға ауысты БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

Ведомство мәліметіне қарағанда, 2019 жылдың 27 маусымында сағат 12:00 шамасында екінші деңгейлі банк филиалында жалған құрылған ЖШС шоттарынан 7,5 млн теңге көлемінде қолма-қол ақша қаражатын алу кезінде «А» деген азамат ұсталған. Сол күні фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары мен кеңсе үйжайларын тінту кезінде 9 200 АҚШ доллары, 20 млн теңгеден астам ақша, 11 мөр, заңды тұлғалардың 14 электрондық-цифрлық қолтаңбалары, бухгалтерлік құжаттар және ұйымдастыру техникасы алынды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 2015 жылдан бастап әрекет еткендігі анықталды. 23 жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылған. Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстық топқа 32 адамның қатысы бар екендігі белгілі болды. Үшеуі сот санкциясымен қамауға алынды, біреуіне халықаралық іздеу жарияланды. Жалған кәсіпорындардың контрагенттері жалпы сомасы 5,1 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарған.

Банктердегі шоттардан жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің көлемінде қолма-қол ақша шешілген», - деп атап өтеді ведомстводан.

Департаменттің нақтылауынша, күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен, оның ішінде шетелде табылған мүліктерді анықтау шаралары жүзеге асырылып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT