Жалған актіге қол қойғаны үшін лауазымды қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызмет бабын теріс пайдаланған БҚО құрылыс басқармасының лауазымды қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғады.


Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш азамат 2007-2008 жылдары 150 төсектік онкологиялық диспансер құрылысы барысында орындалған жұмыс көлемін қабылдауда жалған актілерге қол қойған. Сарапшылар қорытындысына сәйкес орындалмаған және бағасы асырылып көрсетілген жұмыс көлемінің құны 11,3 млн. теңгені құрайды. Департамент сондай-ақ өзінің егістігі болмаса да, көктемгі егіс жұмыстарын жүргіземін деп 6,4 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік несиені заңсыз алып, мақсатсыз пайдаланғаны үшін шаруа қожалығы басшысының үстінен де қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар