Жалған ақша сатқан Орал тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қалалық сотында жалған ақша сатумен бірге алаяқтықпен айналысқан Константин Коваленкоға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім еткендей, аталған азамат ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) және 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес айыпты деп танылған.

5 жылға сотталған Коваленко жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

«К.Коваленко жалған жеті 100 АҚШ долларын сатқан. Сондай-ақ Л. деген әйелдің алтын алқасын алдау жолымен сатып алып, оған 220 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген», деп хабарлады ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың 12,6 млн теңгені жымқырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар