Жалған ақпараттар жауапкершілік қағидаларын бұзуда- Бауыржан Байбек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Еуразиялық медиа форум жұмысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қала басшысы форумның Шығыс пен батысты ортақ сұхбатқа шақыратын, аса маңызды заманауи ақпарат кеңістігі туралы мәселелер талқыланатын алаңға айналғанын тілге тиек етті.

«Мерейтойлық форумның Алматыда өтіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Форум күнтізбесінде ғаламдық дамудың өзекті мәселелерін белгілі журналистер, сарапшылар, саясаткерлер талқылап жатыр», - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі Алматы қаласының Тәуелсіздіктің алтын бесігі екендігін әрі қаланың экономиккалық әлеуметтік даму көрсеткіштерін айтып өтті.

Оның айтуынша, биылғы форум  заманауи өркениеттің өзгеруі аясында өтіп жатыр.

«Біздің көз алдымызда геосаяси, экономикалық өзгерістер болып жатыр. Осы орайда, сын қауіп-қатерлерді алдын алу әлемдік БАҚ-тың бүгінгі келбетіне байланысты. Жалған ақпараттар шынайылық пен жауапкершілік қағидаларын бұзуда. БАҚ тек қана қоғамдық пікір ғана туғызбауы керек, ол сонымен қатар адамдардың бірегейлігіне, қоғамдық құндылықтарына ықпал етуі қажет», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кету керек, Алматыда XV Еуразиялық медиа форум өз есігін ашты.  Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиа форумына  60-тан астам елден 500 делегет қатысуда. Алқалы жиында сарапшылар мен саясаткерлер, экономистер мен қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, жалпы әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау. Форумның алғашқы күні шеберлік дәрістері басталды.
null

Соңғы жаңалықтар