Жалға берілетін баспана нарығының басым бөлігі көлеңкеде қалып отыр - депутат

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Баспананы жалға беретіндерге ресми түрде жұмыс істеу тиімді болатындай шешімдер жасау керек. Бұл туралы Мажілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы күндері ел ішінде жалға алынатын баспана тапшылығы мен бұл нарықтағы бағаның шарықтауы көп талқыланып жатыр. Қазіргі кезде жалға берілетін баспана нарығының басым бөлігі «көлеңкеде» қалып отыр», - деді Е. Смышляева Қаржы министрінің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, баспанасы жоқ адамдар пәтерді жалға алса, онда тиісті келісімшартты рәсімдеу сирек кездеседі.

Сонымен қатар депутат тұрғын үйді жалға беру бизнесін «көлеңкеден» шығару ахуалы әлі де өзгермей жатқанын, ал қазіргі кезде осы нарықтағы сұраныс саладағы проблеманы айқын көрсетіп отырғанын айтты.

«Тез арада пайда табу мақсатында спекуляция мен тұрғындарды пәтерден шығару оқиғалары болып жатыр. Бұл тұрғыда жалға алатын адамдар жағдайда қорғаусыз қалады, себебі олардың көбі тиісті келісімшартты рәсімдемеген», - деді Е. Смышляева.

Оның пайымынша, жалға алу нарығында қолданыстағы реттеу тетіктерін әкімшілендіруді күшейту керек. Сонымен қатар заңсыз әрекеттерге жол беріп жүргендерді көлеңкеден шығару үшін тиісті шаралар қабылдау маңызды болып тұр. Осы орайда баспананы жалға беретіндерге ресми түрде жұмыс істеу тиімді болатындай шешімдер жасау керек.


Соңғы жаңалықтар