+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса алмайды

2019 жылғы 31 қазан 17:25
Бөлісіңіз:
Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса алмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз, жалдамалы пәтерді 5 жыл мерзімге алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жастарға берілетін пәтер: Бағдарламаға қатысушы жетіспейтін құжатын қоса алады 2022 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жастарға жалдамалы пәтер салынбақ Нұр-Сұлтан қаласында жастар 5 мың теңгеге пәтер жалдап тұра алады

«Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни, ол баспана бойынша басқа кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат «7-20-25» секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте.

Айта кетсек, 5-10 қараша аралығында елордада жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданады. Өтініш тек электронды түрде Smart Astana порталы арқылы қабылданады.

Нұр-Сұлтанда биыл бір және екі бөлмелі 1050 пәтер беріледі (30-70 шаршы метрге дейін). Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, жастарға 202 екі бөлмелі және 848 бір бөлмелі пәтер тапсырылады.

Айта кетсек, Жастар жылына орай Елбасының тапсырмасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкен қалаларында жұмысшы жастарға тұрғын үйді беру бойынша ережелерді бекіткен болатын. Аталған бұйрықты ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында берген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT