Жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын: Атырауда 14 адамды алдаған алаяқ қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 14 адамды жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ қамауға алынды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің мәліметіне сүйенсек, алаяқтар қариялар мен қаржылық көмеккке мұқтаждарды арбауына түсіреді.

«Мәселен, Атырау қаласының 1988 жылғы тұрғыны достарының таныстарынан жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызу үшін ақшалай сыйақы алған. Күдікке ілінген алаяқ 14 жәбірленушіні арбауына түсірген. Оның ішінде Атырау облысының 4 тұрғынына келтірілген шығын көлемі – 450 мың теңге. Ал, қалған 10 жәбірленуші – өзге облыстардың тұрғындары. Қазір 10 жәбірленушіге келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Алаяқтық әрекетке барған күдікті ұсталды» -деп мәлім етті Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен тергеу жүріп жатыр.

Ал, 33 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғыны Теңіз кенішіне жұмысқа тұрғызып беремін деп 6 адамнан ақша алғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар